Біз туралы

 

Егіндібұлақ агротехникалық колледжі 2005 жылы 22 желтоқсанда Теміртау қаласының № 24 кәсіптік мектеп филиалы негізінде ашылды.  «Мемлекеттік мекемелердің атауын өзгерту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 ж. 19 желтоқсандағы № 33/10 Қаулысына және  Қарағанды облысының білім басқармасының 12.01.2009 ж. № 3 бұйрығына сәйкес кәсіптік лицей болып аталды. Қарағанды облысының әкімдігінің 2012 ж. 28 желтоқсандағы № 66/06 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қайта атау туралы» Қаулысына және  білім басқармасының 2012 ж.  29 желтоқсандағы № 267 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының білім басқармасының «Егіндібұлақ агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  болып аталды.  04.07.2013 жылы KZ22LAA00000193 нөмірлі  білім беру лицензиясына ие.

Колледждің негізін қалаған – Темиржанов Бейбут Темирович.  Колледжде тұрақты және жоғары кәсіби білімді мұғалімдер ұжымы жұмыс істейді. Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің 38% - ы жоғарғы және бірінші санатты оқытушылармен өндірістік оқыту шеберлері. Қажетті жабдықтармен жабдықталған 60 адамға арналған жатақханасы бар. Заманауи ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану үшін, 28 компьютер, 7 мультимедиялық мінбелер мен әр түрлі оргтехникалар интернет желісіне қосылған. Кітапхана қорында 1750 кітап және 20 электрондық оқулықтар бар.

Жетістіктер

Колледжіміздің студенттері мен оқытушылыры әр түрлі семинарлар мен конкурстарға белсенді қатысады. 2013 – 2014 оқу жылында «Жас ғалым» атты ІІ Республикалық ғылыми конкурста біздің колледжіміздің студенттері жүлделі 1 – ші және 3 – ші орынға ие болды. Республикалық ғылыми конференцияларда оқытушыларымыз диплом, мақтау қағаздары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Оқуға қабылдау туралы өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, білім алғаны туралы құжаттың түпнұсқасы, № 086-У нысанды медициналық анықтама, флюрографиялық түсірумен қоса, 3х4 мөлшерлі 4 фотосурет.

Мекен – жайы:

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, Қазыбек би көшесі 16 – шы үй. Телефон: 8(72147)91105, 8(72147)91490 Факс: 8(72147)91105

 

 

 

Толығырақ

Біздің біліктіліктеріміз

Өтінім қалдыру
Бағдарлама атауы
Басталуы
Мерзімі

Электргазымен дәнекерлеуші

3W07150501
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
Барлық бағдарламалар (1)
Мұнда оқыдыңыз ба?

Өз пікіріңізді қалдырыңыз, мүмкін, бұл басқа жастарға таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар, сіздің бағалауыңыздан біздің рейтингіміз қалыптасады.

Пікір қалдыру

Бізді қалай таба аласыз

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, Қазыбек би көшесі 16 үй.
https://eak.mycollege.kz/